Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
ISSN 3006-1377 (Online)

ОТАНДЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ САҚТАЛҒАН – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ

Авторы

  • Жулдыз Алманкулова Жамбылский областной историко-краеведческий музей

Ключевые слова:

музей, экспонат, краеведение, история, экспозиция.

Аннотация

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі
Қазақстандағы көне, әрі бірегей музейлердің қатарына жатқызылады.
1931 жылы ашылған музей 1970 жылдары Бүкілодақтық туристтік
маршрутқа қосылып, 1977 жылдан бастап шетелдік туристтер қабылдай
бастайды. Аталмыш кезеңде музейдің экспозициялық ауданы небәрі
328,5 шаршы метрді құраған. Музей ашылған алғашқы жылдарда
құнды жәдігерлер болып археологиялық олжалар есептелген. Қазіргі
таңда «Көне Тараз» этно-мәдени, тарихи кешені жалпы аумағы 4000
аса шаршы км құрайды, 2 қабаттан тұратын 4 экспозициялық зал
халыққа қызмет көрсетуде. Музей қорында 50-ге жуық тас мүсіндер
сақтаулы. Музей қоры: археологиялық, нумизматикалық, заттық, кітап,
құжаттық, этнографиялық, графика, мүсіндер, фотосуреттер атты 9
топтамаға топтастырылған. Барлық бөлімдерді қоса есептегенде 75
мыңнан аса жәдігер сақтаулы. Сонымен қатар, музейдің 6 қалалық
және 4 аудандық бөлімдері де жұмыс жасайды. Мақалада музейдің
қалыптасуы, бірегей жәдігерлер тарихы, қалалық және аудандық
бөлімдері туралы мәліметтер ұсынылған.
Осы негізде жазылған бұл мақаланың басты мақсаты – музей
тарихын, бағалы, әрі бірегей қорының құндылығын, қызметін,
халқымыздың көне тарихындағы рөлі мен маңыздылығын
насихаттау болып табылады. Музей жұмысының басты көрсеткіші-
экспозициялары мен қорлары. Мақалада экспозициялық залдарға
жеке-жеке тоқталып, кең көлемде ақпарат берілген. Музейдің қалалық
бөлімдері: Көркемсурет галереясы, Д.А. Қонаев орталығы, Асанәлі
Әшімов шығармашылық орталығы, Даңқ залы, Бауыржантану
ғылыми-зерттеу орталығы, К.И. Скрябин музей-үйі туралы қысқаша
ақпарат ұсынылған. Экспозициялық залдарға жекеше тоқталып,
залда қойылған экспонаттардың тарихы туралы кеңінен баяндалады.

Опубликован

2024-04-05

Как цитировать

Алманкулова, Ж. (2024). ОТАНДЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ САҚТАЛҒАН – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ. «Мәдени мұра», 104(1), 139–150. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/407