Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
ISSN 3006-1377 (Online)

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ САУДА САТТЫҚТАҒЫ РӨЛІ

Авторы

  • Akmaral Ospanova Национальный музей РК
  • Шораев Б.К.

Ключевые слова:

Ұлы Жібек жолы, Қазақстан, халықаралық сауда, орта ғасыр, тиын (монета)

Аннотация

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы ортағасырлық
қалалары ежелгі дәуірден бері Орталық Азия халықтары мен
мәдениетінің ең маңызды байланыс аймағы болды. Ғылыми мақалада
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстандық ортағасырлық
қалаларының сауда саттықтағы ролі қарастырылған. Өркениет тарихы
тұрғысынан басты рол атқарған қалалардың халықаралық саудадағы
тарихи маңыздылығы археологиялық зерттеулерге сүйене отырып
баяндалады. Сол кезеңде өмір сүрген мемлекеттердің экономикалық,
саяси және мәдени жағдайына сауда жолының тигізген әсері
талданады. Қазба жұмысы барысында Отырар, Жанкент, Сығанақ
қалашықтарынан табылған көне тиындардың (монеталардың)
қандай кезеңге тиесілі болғандығы туралы ақпарат ұсынылған.
Шығыс Түркістан, Анадолы және Ираннан басып шығарылған күміс
тиындардың табылуы Қазақстанның халықаралық саудада маңызды
рөл ойнағандығын көрсетіп отыр. Ұлы Жібек жолы тек халықаралық
сауда жолы ғана емес, сонымен бірге ақпарат, технология, инновация,
білім және тәжірибе алмасу жолы болғанын бүгінгі зерттеулер
дәлелдеп отыр. Ғылыми мақаланы жазу барысында археологиялық
және тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды, сондай-ақ, тақырыпты
тереңдей зерттеу мақсатында Түрік және Ресейлік зерттеушілердің
еңбектері басшылыққа алынды.

Опубликован

2024-04-04

Как цитировать

Ospanova, A., & Шораев Б.К. (2024). ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ САУДА САТТЫҚТАҒЫ РӨЛІ. «Мәдени мұра», 104(1), 90–104. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/414