Аңдатпа
Мақалада Сефевидтер дәуірінде (1501-1736)
кофенің Әзірбайжанға келу тарихы этнографиялық тұрғыдан зерттелген.
Әзірбайжанда Сефевидтер дәуірінен бастап кофе мен шай тарала бастады.
Араб елдерінде кофе көптеген ғасырлар бұрын белгілі болғанымен, XVI
ғасырдан бастап Әзірбайжанның әр аймақтарына тарала бастаған болатын.
Ұлы географиялық ашылулардан кейін шығыс елдерінен Батысқа кофе,
шай, қант және т.б өнімдер тасымалданса, темекі, какао, шоколад және басқа
да азық-түлік өнімдері Батыстан Шығысқа жеткізілді. Жоғарыда аталған
өнімдер мен кофелердің Батыстан Шығыс елдеріне таралуы жаһанданудың
алғашқы белгісі ретінде қарастырылады. Мақалада Әзірбайжандағы кофе
мәдениетінің шығу тарихы мен Сефевидтер дәуіріндегі кофеханалардың
қалыптасуы сипатталған. Зерттеу барысында тарихи салыстыру, сипаттау,
талдау және нақты дереккөздерге негізделген басқа да әдістер қолданылды.
Кілт сөздер: Әзірбайжан, Сефевидтер дәуірі, кофе, кофехана.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.