Аңдатпа
Мақалада Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қарғызстан территорияларындағы қыш өндірісінің тарихнамасын зерттеу мақсатында Орталық Азия елдерінің қыш өндірісіне арналған ғылыми еңбектерге талдау жасалған.
Аталған жұмыста әскери топографтардың, Бас штаб офицерлерінің жол жазбалары, сонымен қатар В.В.Екимова, К.И.Антипина, Ө.Жәнібеков және т.б. этнографтардың ғылыми еңбектері дереккөз қоры ретінде берілген. Суретші В.Розвадовский жеті елді-мекенде, яғни Бұқара, Қаршы, Самарқанд, Ходжент, Ұра-Төбе, Риштан және Ташкенттің қыш өндірісін зерттеген. Сондай-ақ, этнограф, Орта Азия халықтарының, соның ішінде өзбек халқының мәдениеті бойынша маман – Екимова Вера Васильевнаның жұмыстарын ерекше атап өткен жөн, себебі ғалымның зерттеу жолы мен экспедициялық қызметі өзбектердің материалдық мәдениетін зерттеуге бағытталған. Хорезм экспедициясының құрамында өзбектердің қыш өндірісі бойынша мәліметтер жинаған, сонымен қатар этнограф үлкен ыдыстарды жасаудың техникасын сипаттап, «рисоля» бойынша қысқаша ақпарат береді. Қырғыз халқының құрылыс саласында сазды колдануы жайында К.И.Антипина іргелі жұмыстар жүргізіп, соның ішінде қырғыз мәдениетін жан-жақты зерттеп, қырғыздардың кілем жасау, өрнек тоқу және басқа да көптеген сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің тарихы мен дәстүрлері туралы ғылыми еңбектердің авторы. Этнограф Ө.Жәнібеков еңбегінде қазақ халқының құрылыста сазды пайдалануы жайында қысқаша мәлімет берілген.
Демек, зерттелген ғылыми әдебиеттер негізінде Орталық Азияда қыш өндірісін зерттеу XIX ғасырда басталып, кейін аймақты зерттеу жұмыстары жүйелі түрде этнографиялық, археологиялық зерттеулермен жалғасты деп қорытынды жасауға болады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.