Мәзір

Журнал туралы

eISSN: 3006-1377 (Online)

Баспагер: «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК

 

«Мәдени мұра» - «Культурное наследие» – «Cultural heritage» журналы 2002 жылы құрылып, 2020 жылдан бастап ғылыми журналға айналды.

 

2020 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитетінің мерзімді басылымдарды ақпараттық агенттігіне тіркеу туралы  № KZ74VPY00021104 куәлігі берілді.

 

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілген (09.12.2025 ж. № 2138).

 

Журнал жылына 4 рет шығады.

Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

 

«Мәдени мұра» журналы – тарихи-мәдени мұраны сақтау, насихаттау, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді терең зерттеу, сондай-ақ дүниежүзілік өркениет қазынасына енгізуге лайықты мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жөніндегі ғылыми жұмыстарды қамтитын, рецензияланатын ашық қолжетімді ғылыми басылым болып табылады.

 

Журналдың тақырыптық бағыттары: тарих, археология, этнология, музей ісі.

 

Авторлардан, оқырмандардан жариялау ақысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №242-нқ бұйрығымен бекітілген бағалар тізбесіне сәйкес 30 000 теңгені құрайды.

 

Редакция мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54

«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК

тел.: +7 (7172) 91-90-35, 91-90-36 (ішкі 335, 663, 641, 664)

Е-mail: journal.madenimura@gmail.com

Журналдың веб-сайты: https://madenimura-journal.kz/