Abstract
2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен
Тəуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын
жоғары дəрежеде ұйымдастырып, оның мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету қолға
алынды. Осы мақсатта арнайы мемлекеттік комиссия да құрылды. Жыл басында
Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Қырғыз Республикасының
«Манас» жəне Ш.Айтматов ұлттық академиясында «Қазақ пен қырғыздың
ақтаңдай ақыны – Жамбыл» атты конференция өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінде,
əрбір қаласы мен əрбір ауылында, білім шаңырақтары мен рухани ордаларда қазақ
халқының мақтанышы, жыр алыбы – Жамбыл бабамыздың 175 жылдық торқалы
тойы кеңінен атап өтіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі осы мерейтой аясында атқарылып
жатқан іс-шараларды қызу қолдап, музей төрінде «Жыр алыбы – Жамбыл»
атты тарихи-əдеби кеш ұйымдастырды. Рухани шараның басты мақсаты –
халық поэзиясының атасы атанған Жамбылдың айтыскерлік мұрасы, күйшілік,
жыршылық өнері, ғажап шежірешілдігі мен ақын жырларының шеберлігі
жайында сөз қозғап, қазақ əдебиетіне қосқан үлесі, ғылым-білім мен руханияттың
биігіне сай іргелі еңбектерін жан-жақты насихаттау болып табылды.
Іс-шара аясында Ұлттық музей қорынан «Ұлы дала жыршысы – Жамбыл» атты
шағын көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ақын келбетін əртүрлі қырынан ашатын
бейнелеу өнері туындылары, ақынның шəкірттері мен замандастарының тұтынған
жеке заттары жəне музейдің Ғылыми кітапхана қорынан ақынның шығармашылығы
жайында ғылыми əдебиет көрмеленді.
01 Introduction
The full text of the article is available for download in PDF format on the right panel.