Аңдатпа
Ғасырлар бойы темір ұсталығы өнері көптеген халықтардың мәдениетінде ерекше орын алды. Темір ұсталығы тек қолөнер ғана емес, сонымен қатар символдық мәні тереңнен бастау алатын ерекше қасиетті құбылыс болып табылады. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі темір ұсталығымен байланысты тылсым құбылыстар халық санасында сакралды ұғымдарды қалыптастырды. Осыған орай мақалада қазақ халқының темір ұсталығы өнеріне қатысты сакралды ұғымдармен байланысты тілдік бірліктердің этномәдени семантикасы тарихи-мәдени мұра контексінде қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты – темір ұсталығына қатысты этномәдени атаулардың тілдік-мәдени семантикасында орныққан сакралды ұғым-түсініктердің табиғатын, материалдық және рухани мәдениеттің сабақтастығын айқындау.
Мақалада темір ұсталығына қатысты қасиетті ұғымдармен байланысты қалыптасқан атаулардың арқылы ұлттық-мәдени және лексика-семантикалық ерекшеліктерін қарастыруда салыстыру, сипаттау, талдау әдістері, этномәдениеттанымдық тәсілдер пайдаланылды. Этнолингвистиканың жүйелілік принципіне орай «індете» зерттеу әдісі арқылы тіліміздегі темір ұсталығына қатысты сакралды ұғымдағы лексикалық бірліктер мағыналарының негізінде жатқан этнолингвистикалық ақпараттарды айқындау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде мұндай атаулардың этномәдени семантикасының түпкі негізінде ұлтымыздың мәдени кодында астарланған тарихы, мәдениеті, салт-санасы және басқа да құндылықтары жатқандығы нақтыланды.
Қазақтар әлемінің тілдік әрі этникалық бейнесін жасауда темір ұсталығына қатысты сакралды ұғымдағы атаулардың этномәдени семантикасын айқындаудың, сондай-ақ бұл өнер түріне және оған қатысты этномәдени лексикалық бірліктерді заттай және рухани мәдениет тұрғысынан музейтану және басқа да ғылым салаларымен байланыста кешенді түрде зерттеудің маңыздылығы жөнінде қорытынды жасалды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.