Мәзір

Нөмір 110 № 3 (2025): Мәдени мұра №3 (110) 2025

Жарияланды: 2025-09-29

Статьи

X–XIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖЕТІСУ АУМАҒЫНДАҒЫ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ: ТРАНЗИТТІК БАҒЫТТАРДЫҢ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ

Мақалада Жетісу мен Іле аңғары арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бағыттары талданады, сондай-ақ тарихи-мәдени дамуы тұрғысынан қалалық және ауылдық елді мекендердің орналасуын анықтау әрекеттері жасалған. Зерттеу жұмысы өңірді кесіп өткен керуен жолдарының үш негізгі тармағын анықтауға және осы жолдар бойында қызмет еткен қалалар мен керуен-сарайлар сияқты маңызды тораптардың орналасуын көрсететін археологиялық картаны құрастыруға бағытталған. Сондай-ақ, "жаңа Жібек жолының" көлік-логистикалық инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын нығайтуға ықпал ететін қоймай туристік салаға да оң әсері тигенін қарастырылған.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Дереккөз ретінде қытай елшісі Сюань Цзанның (629 ж.) есебі мен Моңғолияға сапар шеккен армян патшасы Гетумның күнделік жазбалары, сондай-ақ Жетісу және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларының материалдары пайдаланылды. Зерттеудің әдістемелік негізі мәтіндік дереккөздерді археологиялық барлау нәтижелерімен салыстыруға негізделген. Нәтижесінде Қытай мен Моңғолиядан Жетісу арқылы батыс, шығыс және солтүстік бағыттарда өткен керуен жолдарының картасы жасалып, ғасырлар бойы өңірдің халықаралық саудасы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан археологиялық нысандар анықталды.

СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС АРАЛ МАҢЫНЫҢ ТАС ҒАСЫРЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТІРКЕУГЕ АЛУ

Ғылыми мақалада 2024-2025 жылдары Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары аумағы Солтүстік-Шығыс Арал маңы  археологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері қорытындылары ұсынылған.  Сонымен қатар  тас ғасыры дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы қатысты құнды деректер және зерттелу тарихы кезеңдері қарастырылып берілген. Зерттелу барысында қандай мәдениеттермен байланысы мерзімделуі қарастырылған. Археологиялық барлау жұмыстары барысында ашылған ескерткіштердің картаға түсірлуі, беткі қабатынан жиналып алынған материалдар, тас құралдар, қыш ыдыстар кешені бізге неолит, энеолит, қола және ерте темір ғасырына дейін Арал маңының ежелгі  тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Зерттеу тобы мүшелері Қызылорда облысына тарихына қатысты архив,музейлік қоры және жеке коллецияларда жиналған материалдар зерделенді. Археологиялық барлау жұмыстары барысында бұрын ашылған ескерткіштерге мониторинг және жаңадан ашылған ескерткіштерді тіркеп, тарихи-мәдени мұралар тізіміне алынды.

The equivalence and history of research of medieval city Asanas and “Eshnas”, “Ornas” cities in the data

Мақалада Сырдарияның төменгі ағысы ерте және ортағасырлық кезеңдерден бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи-мәдени үдерістердің негізгі арқауы ретінде Алтын Орда дәуірі және Қазақ хандығы құрамындағы көшпелі және жартылай отырықшы халықтардың атажұрты болғандығымен ерекшеленеді.

Мақаланың мақсаты: Сырдың төменгі ағысындағы көне қоныстардың, соның ішінде деректерде жиі аталатын Эшнас немесе Орнас қаласының орналасу мәселесін, тарихи-мәдени маңызын және осы өңірдегі өркениет ошақтарының даму динамикасын жан-жақты зерделеу.

Зерттеу әдістері: Мақалада тарихи-салыстырмалы талдау, археологиялық деректерді жүйелеу, топонимикалық материалдарды қарастыру және жазба деректерді пәнаралық тұрғыдан салыстыру әдістері қолданылды. Археологиялық барлау қазбаларының нәтижелері мен соңғы жүз жылдықтағы зерттеушілердің еңбектері негізгі дереккөз ретінде пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері: Археологиялық барлау жұмыстары көне Эшнас немесе Орнас қаласының нақты орнын анықтауға әлі толық мүмкіндік бермегенімен, Сыр бойындағы бірқатар ескерткіштердің құрылымдық ерекшеліктері мен табылған заттай деректер бұл қоныстардың ірі сауда-экономикалық және мәдени орталық болғанын көрсетеді. Зерттеу барысында жазба деректерде аталатын қала атаулары мен археологиялық ескерткіштердің сәйкестігін анықтау мәселесі қарастырылып, олардың локализациясына қатысты бірнеше ғылыми тұжырымдар ұсынылды.

Қорытынды: Эшнас немесе Орнас қаласының нақты орналасу орнын анықтау мәселесі әлі де толық шешімін таппағанымен, жүргізілген археологиялық және тарихи зерттеулер бұл бағыттағы болашақ ізденістердің маңызды екенін айқындайды. Зерттеу нәтижелері Сырдың төменгі ағысының көне дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі тарихи сабақтастығын ашып көрсетеді және Қазақстан тарихындағы мәдени-өркениеттік үрдістерді түсінуге тың серпін береді.

СУДЬБЫ ХАНОВ И СЕРДАРОВ АХАЛА ПОСЛЕ 12 ЯНВАРЯ 1881 Г

Автор данной работы провел определенную работу по изучению дальнейшей судьбы туркменских ханов и старшин Ахала после падения крепости Гёк-тепе 12 января 1881 г. Участь многих из до сих пор остается неизвестной. Имеющиеся скромные сведения о них малочисленны и обрывочны. Чтобы восстановить этот исторический пробел, автор использовал всевозможный материал того времени: записки, отчеты и газетные статьи, а также фотографии и рисунки. Рассмотрение дальнейшей судьбы глав племен Ахалского оазиса после января 1881 г., представляет собой научную новизну, так как ранее этот вопрос не освещался в туркменской историографии. Главным методом исследования стал антропологический подход, позволивший более ярко представить героев нашего исследования. Критическая оценка и тщательный анализ материала, помогли реально осветить судьбу туркменских вождей в сложившейся новой исторической реалии. Осуществляя свою деятельность, согласно требованиям и правилам новой власти, герои нашего претерпели определенные преобразования в своей судьбе, являясь представителями нового миропорядка, установленного на туркменской земле. Часть ханов получила должности помошников приставов в новой администрации Закаспийской области. Многие сердары привлекались в качестве проводников исследовательских экспедиций, направленных в глубь Теджена и Мерва.

ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ

Бұл мақалада музей педагогикасының қалыптасуының алғышарттары, оның анықтамасы мен түрлері сараланады. Сонымен қатар, музей педагогикасының теориясы мен практикасы негізінде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы үйірмелерінің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік аспектілері талданады. Қазіргі уақытта музейдегі мәдени-ағартушылық және білім беру бағытындағы шаралардың қатысушыларын тұрақтандыру мәселесі де өзекті болып табылады. Осы тұрғыда, мақалада музейдің тұрақты аудиториясын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Музей педагогикасы ғылыми пән ретінде музейдің оқыту қызметінің ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік санаттағы келушілермен жұмыс жасау әдістерін, музейдің білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесуін зерттейді. Мұнда аудиторияның жас ерекшелігі, қызығушылықтары, әлеуметтік және материалдық жағдайына қарай оқыту үдерісінде дәстүрлі және дәстүрлі «емес» форматтар қолданылады. Дәстүрлі формат түрлері: экскурсия, музейлік сабақ, семинар, кездесу, үйірме, клуб. Дәстүрлі «емес» формат түрлері: олимпиадалар, байқаулар, дебаттар, театрландырылған көріністер, әртүрлі мазмұндағы жекеленген мерекелік іс-шаралар. Музей заттарының сан алуандылығы, көркемдігі мен шынайылығы мұндағы білім беру мазмұнын басқа мекемелердегі қосымша білім беру мазмұнынан ерекшелеп тұрады. Сондай-ақ, музейдегі оқытуда еркін және бейресми форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығына басымдылық беріледі. Мақаланы жазу барысында шетелдік зерттеушілердің музейтану бағытындағы жарияланымдары қолданылды. Зерттеуде музей-қорық үйірмелерін мақсат-міндеттерін жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибені сипаттау үшін баяндау және талдау әдістері пайдаланылған. Бұл әдістер үйірмелердің жұмысының мазмұнын ашуға, тақырыптық бағытын сипаттауға, жетекшілері мен қатысушылар құрамын айқындауға мүмкіндік берді.

ОПЫТ РЕСТАВРАЦИИ ВОСТОЧНО-АЗИАТСКИХ ЛАКОВ В ЛАБОРАТОРИИ НАУЧНОЙ РЕСТАВРАЦИИ ПРЕДМЕТОВ ИЗ ОРГАНИЧЕСКИХ МАТЕРИАЛОВ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЭРМИТАЖА

 Государственный Эрмитаж обладает многими интереснейшими и ценными экспонатами, изготовленных с применением восточно-азиатских лаков. Это предметы восточных стран – Китая, Японии, Бирмы и других, а также предметы европейского искусства в стиле шинуазри, в которых использованы оригинальные восточные фрагменты. Это предметы временных рамок с II в. до н.э. до XX века. Под восточным лаком подразумевают материал, имеющий специфические характеристики: это природный материал растительного происхождения - сок (смола) анакардиевых деревьев (urushi, laccol или thitsi), который после определенной обработке и полимеризации становится прочным, не подвержен влиянию растворителей и влаги, имеет высокие художественно-декоративные качества. В статье говорится о химическом составе лака, о разнообразных технологиях изготовления предметов из восточного лака. Сложность работы с такими экспонатами определяется составом некоторых слоев – сложносоставными грунтами, региональными технологиями, особенностью послойного нанесения лакового покрытия, условиями хранения и бытования предметов. В статье говориться о нескольких лаковых предметах археологии и декоративно-прикладного искусства, прошедших реставрацию в Лаборатории научной реставрации предметов из органических материалов, рассказывается об особенности их изготовления, хранения и реставрации. Исследования до реставрации необходимы для понимания технологических особенностей памятника, его повреждений, и, как следствие, позволяют выбрать правильную методику реставрации и последовательность работ. В Лаборатории разработаны методики консервации восточных лаков с применением как натуральных, так и синтетических консолидантов, в соответствии с принципом музейной реставрации – узнаваемости доделок и «обратимости» реставрационных материалов.