АШЫҚ ҚОЛДАНУ САЯСАТЫ
«Мәдени мұра» журналының барлық жарияланған нөмірлері https://madenimura-journal.kz/ сайтындағы «Ағымдағы шығарылым» және «Архивтер» бөлімдерінде ашық қолжетімділікте орналастырылған.
Жарияланған мақаладан қандай да бір үзінділерді пайдаланған жағдайда журналға және материал авторларына міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс.
Журналда жарияланған материалдардың авторлары жарияланымға келісе отырып, редакцияға материалдарды журналдың ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы жалпыға қолжетімді түрде орналастыру құқығын береді.
Әрбір автор мақаласына авторлық құқығын сақтайды және жарияланған мақаланың материалдарын басқа басылымдарда, оның ішінде кітаптар шығару мен оқу-әдістемелік басылымдарды дайындауда, сондай-ақ мақаланың электрондық көшірмелерін кез келген мақсатта пайдалана алады.
Авторлардан, оқырмандардан жариялау ақысы алынбайды.