Аннотация
Орта Азия халықтары арасындағы неке жəне отбасы мəселесі қазіргі кезде жан-
жақты қарастырылған. Алайда бұл аймақтағы халықтардың неке жəне отбасындағы
сый алмасу мəселелері ежелгі кезеңдерден бері бір ортада қалыптасқан этностар
үшін ортақ ұқсастықтарға толы. Бұл Орта Азия халықтарының тіршілік жүйесіндегі
отбасылық дəстүрлер мен ырымдар бір-біріне байланысты екенін көрсетеді. Осы
дəстүрлердің өзара байланысуы этностардың қалыптасу кезеңінен қазіргі күнге
дейін жалғасын тауып келеді. Атап айтар болсақ, некелесу үрдісіндегі қалың мал
төлеу, жасау беру жəне басқа да сый-сияпаттардың түрлері қазақ, өзбек, қырғыз,
түрікмен, қарақалпақ жəне т.б. халықтарда сақталып отыр. Сондай-ақ кейбір
халықтар арасындағы дəстүрлердің трансформациялануы бұл этностардың ортақ
құндылықтарға сүйенетінін көрсетеді. Орта Азияда мекен етіп отырған аталмыш
түркі халықтарының сый алмасу жүйесіндегі ортақ байланыстарды талдау қазіргі
қоғамдық ғылымдардың өзекті мəселесі ретінде қарастырылады. Бұл сонымен
қатар, осы өлкедегі автохтонды халықтар үшін өз мəдениетін ортақ ұстанымдар
негізінде зерттеуге мүмкіндік береді.
01 Введение
Полный текст статьи доступен для скачивания в формате PDF на панели справа.