Аннотация
Мақалада белгілі ғалым, қазақтанушы Г.Н. Потаниннің «Очерки Северо-Западной
Монголии» еңбегінің ІІ томындағы «Киргизы», яғни «Қазақтар» аталатын бөліміне
енген Абақ-Керей Қазыбек мырза туралы жəне қазақ халқының тотемдік сенімдері
сөз болады. Г.Н. Потаниннің ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары Қара Ертіс бойындағы
Абақ-Керей жəне Найман руларының қазақтарынан жинаған этнографиялық
деректері ғылым үшін өте маңызды дерек болып табылады. Ғұлама ғалым қазақ
рулары туралы өзінің шежіре қариялардан жинаған деректерін берумен қатар ол
руларға қатысты толып жатқан этнографиялық мəліметтерді де тіркеп отырған.
Оның бірі Сəмембет ұрпағы Қазыбек жəне Есағасы аталатын аталардың үкіні əке
деп қадірлеуі, оны қорғауы жəне сенімдері. Бұл бір жағынан тым ерте дəуірлерде
пайда болған тотемдік түсініктердің қазақ халқында ХІХ ғасыр соңына дейін, тіпті
қазір де өмір сүріп отырғанын көрсетеді. Белгілі дəрежеде тотемдік түсініктер адам
баласының өзін қоршаған табиғи ортамен үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз
етеді.
01 Введение
Полный текст статьи доступен для скачивания в формате PDF на панели справа.