Аңдатпа
Сырдарияның төменгі ағысы ортағасыр археологиясы отандық және шетелдік зерттеулердің ғылыми еңбектерінде аз зерттелген және қамтылған. ХХ ғасырдың 40-60-жылдарында Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Жент, Кескен-Күйік-Қала қалашығында алғашқы барлау қазбаларын жүргізді, бұл тек оғыз дәуірі ескерткіштерінің археологиясын анықтауға ғана мүмкіндік берді. Сондықтан да бұл зерттеулер сырдың төменгі ағысындағы қалалық мәдениеттің таралу шекараларын шекараларын іс жүзінде нақты көрсетіп бере алмады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ортағасырлық Қышқала (Баршынкент): Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет контекстінде» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасы аясында Қышқала қаласының орнында жүргізген археологиялық зерттеулері Сырдарияның төменгі ағысындағы (аз зерттелген аймақ) Еуразия далаларының оның ішінде Қазақстанның ортағасырлық мәдениетіне жаңа материал енгізді.
ХХ ғасырдың 40-60 жылдарында Хорезм экспедициясының көп жылғы барлау жұмыстарымен бірге Қышқала маңында жүргізілген ауқымды ғылыми-зерттеулер негізінде Іңкәрдария және Жаңадария арналарының бойынан Алтын Орда дәуіріне тән бірнеше жаңа ескеркіштердің орнын анықтады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.