СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫ БОЙЫНДАҒЫ АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Ключевые слова:
Syrdarya, Inkardarya, Zhanadarya, Aral, Middle Ages, exploration, excavations, research history, written data.Аннотация
Мақалада Алтын орда дәуіріндегі Сырдария өзенінің
төменгі ағысы бойындағы қалалалардың зерттелу тарихы сипатталады.
Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар тарихы отандық және
шетелдік зерттеулерде, ғылыми еңбектерде аз қамтылған зерттеулердің
бірі. ХХ ғасырдың 40-60-жылдарында Хорезм археологиялық-
этнографиялық экспедициясы (ХАЭЭ) Жент, Кескен-Күйік-Қала
қалашығында алғашқы барлау қазбаларын жүргізді, бұл зерттеу
жұмысы тек Оғыз дәуірі ескерткіштерінің археологиясын анықтауға
мүмкіндік берді. Аталмыш зерттеулер Сырдың төменгі ағысындағы
қалалық мәдениеттің таралу шекараларын іс жүзінде нақты көрсетіп
бере алмады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу
жобасы аясында «Ортағасырлық Қышқала (Баршынкент): Алтын
Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет контекстінде» тақырыбындағы
Қышқала қаласының орнында жүргізген археологиялық зерттеулер
Сырдарияның төменгі ағысындағы (аз зерттелген аймақ) қалалар
тарихына, Еуразия далаларына оның ішінде Қазақстанның
ортағасырлық мәдениетіне жаңа материалдар еңгізді.
ХХ ғасырдың 40-60 жылдарында Хорезм экспедициясының көп
жылғы барлау жұмыстарымен бірге Қышқала маңында жүргізілген
ауқымды ғылыми-зерттеулер нәтижесінде Іңкәрдария және
Жаңадария арналарының бойынан Алтын Орда дәуіріне тән бірнеше
жаңа ескеркіштердің орнын анықтады.