Журнал туралы
ISSN: 2708-3365 (Print) | eISSN: 3006-1377 (Online)
Жазылым индексі: 75379
Баспагер: «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
«Мәдени мұра» - «Культурное наследие» – «Cultural heritage» журналы 2002 жылы құрылып, 2020 жылдан бастап ғылыми журналға айналды. 2020 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитетінің мерзімді басылымдарды ақпараттық агенттігіне тіркеу туралы № KZ74VPY00021104 куәлігі берілді.
Журнал жылына 4 рет шығады.
Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
«Мәдени мұра» журналы – қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға, ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрді тереңдетіп зерттеуге негізделген. Сондай-ақ, ұлттық мәдени мұра құндылықтарын әлемдік өркениеттің алтын қорына енгізу, қайта жаңғырту мәселелерін қамтитын рецензияланатын ашық ғылыми журнал болып табылады.
Журналдың тақырыптық бағыттары: тарих, археология, этнография, антропология, мұражайтану, ескерткіштерді қорғау, материалдық емес мәдени мұра, түркология, пәнаралық байланыстар.
«Мәдени мұра» журналының электронды нұсқалары Қазақстан Республикасының электрондық кітапханаларының қорын қалыптастыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-на берілген.
Редакция мекенжайы:
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
тел.: +7 (7172) 91-90-35, 91-90-36 (ішкі 641, 664, 663, 335)
Е-mail: journal.madenimura@gmail.com
Журналдың веб-сайты: https://madenimura-journal.kz/