Аңдатпа
Мақалада қазақтың ою-өрнек өнерінің дамуы мен қалыптасуының, өркендеуі мен өрістеуінің философиялық танымы тың материалдармен тұжырымдалып, тереңінен баяндалады. Ою-өрнек өнерінің қалыптасу кезеңі көне заманнан бастау алып, ғасырлар бойы дамып, халықтың өмір тіршілігінде дәстүр жалғасын тапқан мәдени құндылық пен рухани байлық болғандығы айтылады. Философиялық таным негізінде қазақ ою-өрнек өнерінің қалыптасып, дамуы туралы Ә.Марғұлан, С.Қасиманов, И.Ожегов, М.С.Каган, Т.В.Холостова, К.Нұрланова, Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов ғалымдардың тұжырымды ой-пікірлері қарастырылады. Қазақ халқының ою-өрнек үлгілері ғасырлар қойнауынан жеткен салқылмас қазына екендігі, халқымыздың оюмен өрнектелген – шежіре тарихы болғандығы баяндалады. Қазақ халқы қолөнер дамуының мәдени құндылықтарын ой таразысына салып, ою-өрнек түрлерімен айқындап берген. Қазақ халқының қолөнеріндегі ою-өрнек түрлерінің философиялық танымы көне заманнан бастап, күні бүгінге дейінгі дәстүр жалғастығымен түрлі сәнді бұйымдарда, тұрмыстық заттарда көрініс тапқан халықтық мұра екендігі қарастырылады.
Мақалада ою-өрнек айшықтарын қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қолданудың ерекшеліктері сараланып, оның философиялық танымы жаңа буындармен өрнектелген ою-өрнек түрлерімен жетілгені қарастырылады. Қазақ ою-өрнектері қолданылу аясында кең мағынаға ие болып, ою-өрнектердің зооморфтық, өсімдіктік, космогониялық, геометриялық түрлерінің қайта түрленіп, толығуы туралы тың мәліметтер берілген. Қазақ қолөнерінің көкжиегін кеңейткен, ең ежелгі, әрі кең таралған ою-өрнек түрлері халықтың философиялық ой-танымын ұлғайтып, халық қолөнерінің дамуында сан ғасырдың қолөнерін мұра еткендігі баяндалған. Ою-өрнек – қазақ халқының мәдени дамуының шежіресі, философиялық ой-танымының көрінісі, рухани құндылығының эстетикалық талғамы.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.