Abstract
Мақалада қазақтың өнегелі өмірі мен тұрмыс-тіршілігінде тұрақты орын алған, бүгінгі күнде философиялық философиялық белгілері мен идеялық мәнін жоймаған, рухани және материалдық құндылықтары болып табылған, бағалы үй бұйымдарының бірі – кілем түрлері мен атаулары тереңнен баяндалады. Ел тұрмысында мәдени мұра болып табылған қалы кілем, жібек кілем, масаты кілем, мақта кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, түкті кілем түрлері қазақ халқының кілем тоқу өнерімен ертеден айналысқанын дәйектеп береді. Кілем қазақтың топырағында бұдан мың жылдар бұрын, өнер шеберлерінің ой қазынасынан туындап, шеберлердің қолдарымен жасалып, оюлардың түрлері мен атаулары кілемдерде толық қолданғаны айтылады. Қазақ кілемдегі ою-өрнектердің философиялық белгілері мен идеялық мәні ою-өрнек өнерінің қалыптасып, дамуы туралы Ә.Марғұлан, М.Ш.Өмірбекова, К.Ибраева, Ә.Тәжімұратов, Ө.Жанібеков, Ш.Әбдуалиева ғалымдардың тұжырымды ой-пікірлерімен сараланады.
Мақалада қазақ кілемдегі ою-өрнектердің философиялық белгілері мен идеялық мәні сараланып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде кілемді қолданудың ерекшеліктері орын алған. Кілемнің философиялық танымында жаңа буындармен өрнектелген ою-өрнек түрлерінің өрістеп жетілгені қарастырылады. Қазақ ою-өрнектері қолданылу аясында кең мағынаға ие болып, ою-өрнектердің зооморфтық, өсімдіктік, космогониялық, геометриялық түрлерінің қайта түрленіп, толығуы туралы тың мәліметтер берілген. Кілемше теріліп тоқылатын жіптердің бояу түстері анықталып, «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз», «иттабан», «көбелек» ою-өрнек түрлері кілем өрнектерінің жеке мүшелерін суреттейтін өрнек түрлері баяндалады. Кілем өрнегінде орын алатын қызыл түске қара, көк, сары және ақ түсті ою-өрнектердің философиялық белгілері мен идеялық мәніне зерттеу жүргізіледі. Кілемде негізгі бір түстің бір-біріне жақын бірнеше түстермен әр түрлі өрнектеліп, нақышталатындығы сараланады.
01 Introduction
The full text of the article is available for download in PDF format on the right panel.