Abstract
Мақалада XX ғасырдың ортасынан бүгінгі күнге дейінгі кезеңде тарихнамада қалыптасқан тас қатарлары бар қорғандардың («мұртты» қорғандар) функционалды-семантикалық интерпретациялары қарастырылады. Сонымен бірге қазіргі мәдени-тарихи тұжырымдамаларға сүйене отырып әртүрлі зерттеушілердің көзқарастары талданады. Мақалада бұл ескерткіштерге тән негізгі функциялар анықталған: культтік-анцестральдік, культтік-солярлық, мерекелік, ритуалды-тазарту және т.б. Қазіргі ғылыми парадигма аясында ең сенімді интерпретациялар ретінде «мұртты» қорғандарды жоғары мәртебелі марқұмдарды ұлықтау мен кеңістікті сакрализациялауға байланысты ерте түркі дәуіріндегі культтік-мемориалдық кешендер ретінде қарастыратын көзқарастар танылып отыр. Мұндай нысандарды интерпретациялауда кешенді әрі сындарлы тәсілді қолдану қажеттілігі атап өтіледі.
01 Introduction
The full text of the article is available for download in PDF format on the right panel.