Меню
Статьи

әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі

Жамбыл Артыкбаев 1

1 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті

Стр. 48-70

Аннотация

 Еуразия тарихында «Халықтардың ұлы қоныс аударуынан» кейін басталатын ортағасыр дәуірі ерекше орын алады. Бұл дәуірді зерттеуде  түркі-моңғол халықтарының өз шежіре-дастарымен, жазба әдебиетімен қатар  араб  географиялық  әдебиетінің орны зор.  Белгілі дәрежеде исламның алғашқы дүмпуімен байланысты пайда болған әлемді игеру идеясы  осы кезеңде араб интеллектуалдық ортасына қатты әсер етті.  Әлемнің әр түкпіріне аттанған араб  саяхатшылары, саудагерлерімен қатар ғалымдар да өз шығармаларында Еуразия, сонымен бірге Орталық Азия жер бедері мен жер-су атауларын карталарға түсірді. 

Осы географиялық әдебиеттің ішінде біздің аумағымыз үшін аса қызықты әрі танымдық деректердің  қомақты қоры болып табылатын еңбектердің бірі әл-Идрисидің «Нузхат әл-муштак фи-хтирак әл-афак» (Аймақтарды аралап қажыған адамның көңіл көтеруі) атты шығармасы және «Сурат әл-Ард» (Жер бейнесі) аталатын атласы.  Әбу  Абдаллах ибн Мұхаммед әл Идриси 1100 жылы Мароккада  әмірлер  әулеті отбасында туды, Кордовада (Испанияның оңтүстігі) білім алды, одан біраз жыл Кіші Азияны аралап, Сицилияға орнықты, 1165 жылы Мороккада қайтыс болды)., әл Идрисидің «Нузхат әл-муштак» кітабы да,  «Сурат әл-Ард» атласы да  алдымен компилятивті, екіншіден,  ұжымдық, яғни әр түрлі саяхатшылардың жазбаларына, карталарына негізделген  көшірме еңбек.  Жалпы осындай әлемдік карталарды жасау  сол заманда өте өзекті болды және оны  ел басшылары қолдады. Сицилия королі II Роджер (1098-1154) де осындвй идеяның соңында болатын және  әл-Идрисидің жұмыс тобын  өзі қайтыс болған 1154 жылға дейін қолдап отырды. әл-Идрисидің «Нузхат әл-муштак» кітабы еңбегінде Еуропа, Азия және Африка елдері сипатталады. Араб кеңістігіне жақын елдер туралы  мәліметтер көбірек, неғұрлым ол кеңістіктен алыстаған сайын нақтылық азайа береді. 

әл-Идрисидің «Нузхат әл-муштак» кітабы  мен «Сурат әл-Ард» атласында белгілі жер аумағының ықылым (климат) бойынша қысқаша сипаттамасы, өзен, теңіз, тау, кезең сипаттамалары берілген. әл-Идриси жер аумағын птолемейлік дәстүрмен ендік аймақ бойынша жеті ықлымқа (климат)  бөліп қарастырады.  Әр ықылым өз кезегінде  он көлденең бөлікке бөлінген т.б. Бізді  әл-Идриси мұрасындағы  қазіргі қазақ жеріне тікелей  қатысты  төртінші ықылымның  8, 9, 10-шы бөліктері, бесінші ықылымның  7, 8, 9, 10-шы бөліктері аса қызықтырады.  Дегенмен әл-Идриси еңбегі мен картасын тәпсірлеу оңай емес. Біріншіден,  ұлы географ өз еңбектеріне толып жатқан деректерді, соның ішінде күмәнділерін де пайдаланған, яғни компилятивті дүние. Екіншіден, бірталай жер-су атауарының бірталай араб тіліне аударылған, немесе әуел баста қате жазылған. Осы себепті біз әл-Идриси еңбектеріне толық тәпсір жасай алмаймыз, біздің басты мақсат осы бір құнды дерек көзін тәпсірлеуге кілт табу. әл-Идрисидің қазақ жерін сипаттаған  еңбектерін тәпсірлеу  барысында  біз осы  дерек көзінің орыс және қазақ тілдеріндегі аудармаларын қатар қолданамыз

01 Введение

Полный текст статьи доступен для скачивания в формате PDF на панели справа.

Ссылки для цитирования

[1]2025. әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі . «Мәдени мұра». 111, 4 (Dec. 2025), 48–70.
(1)әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі . main 2025, 111 (4), 48-70.
әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі . (2025). «Мәдени мұра», 111(4), 48-70. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521
әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі . «Мәдени мұра», [S. l.], v. 111, n. 4, p. 48–70, 2025. Disponível em: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521. Acesso em: 11 oct. 2026.
“әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі ”. 2025. «Мәдени мұра» 111 (4): 48-70. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521.
“әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі ” (2025) «Мәдени мұра», 111(4), pp. 48–70. Available at: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521 (Accessed: 11 October 2026).
[1]“әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі ”, main, vol. 111, no. 4, pp. 48–70, Dec. 2025, Accessed: Oct. 11, 2026. [Online]. Available: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521
“әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі ”. «Мәдени мұра», vol. 111, no. 4, Dec. 2025, pp. 48-70, https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521.
“әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі ”. «Мәдени мұра» 111, no. 4 (December 19, 2025): 48–70. Accessed October 11, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521.
1.әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі . main [Internet]. 2025 Dec. 19 [cited 2026 Oct. 11];111(4):48-70. Available from: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521
1.әл-Идриси (ХІІ ғ.) картасы және оны тәпсірлеу мәселесі . main. 2025;111(4):48-70. Accessed October 11, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/521