Меню

Том 96 № 1 (2022): Мәдени мұра №1 (96) 2022

Опубликовано: 2023-11-09

Статьи

ЛЕГЕНДА КАЗАХСКОЙ СЦЕНЫ

В Национальном музее Республики Казахстан организованы и проведены
выставка и круглый стол «Легенда казахской сцены», посвященные 100-летию
Народной артистки Казахстана и СССР, Халық қаһарманы Розы Баглановой. На
выставке экспонированы фотографии, награды, сценические костюмы, ювелирные
изделия и предметы личного пользования певицы из фондов Национального
музея и семейного архива.
Целью мероприятий является изучение, сохранение и популяризация
жизненного и творческого пути легендарной певицы казахского народа
Р. Баглановой.

МИКРОПЛАСТИНЧАТАЯ ИНДУСТРИЯ РАННЕГО ВЕРХНЕГО ПАЛЕОЛИТА НА ЮГЕ КАЗАХСТАНА: ПОДРОБНЫЙ АНАЛИЗ КАРЕНОИДНЫХ НУКЛЕУСОВ ДЛЯ ПЛАСТИНОК ИЗ СТОЯНКИ БҮЙРЕКБАСТАУ- БҰЛАҚ-1 В ГОРАХ КАРАТАУ

Казахстан, соединяющий горы Алтая и горные массивы Узбекистана, является одной
из главенствующих территорий в решении вопроса о распространении и расселении
Homo sapiens в Азии. Развитие культуры верхнего палеолита Восточного Казахстана
и Алтая происходило одновременно. Тем не менее, достоверных хронологических
данных из археологических памятников в этих регионах, необходимых для понимания
распространения Homo sapiens, встречаются редко, за исключением стоянок Шульбинка
и Ушбулак.
Целью данной статьи является оценка культуры раннего верхнего палеолита на юге
Казахстана путем подробного анализа материалов из стоянки Бүйрекбастау-бұлақ-1
(N 43° 06′36,24″, E 70°34′03,70″). Стоянка была обнаружена в ходе исследовательских
работ в горах Каратау в 2017 году. В последующие два года раскопок выявлены два
четко выраженных культурных слоя. Слои состоят из аллювиальных отложений,
образованных речной эрозией холмистого склона, их стратиграфическое расположение
было упорядоченным, и они остаются в своем первоначальном залегании. Данными
для анализа послужили материалы из нижнего культурного слоя, включающего
кареноидные (carané) нуклеусы для пластин средних размеров, предназначенных для
концевых, боковых скребков. Статистический анализ нуклеусов показывает, что размер
и форма пластин, памятника Бүйрекбастау-бұлақ-1, идентичны нуклеусам памятника
Шугноу в Таджикистане. На основании этого, нижний культурный слой памятника
Бүйрекбастау-бұлақ-1 представляет собой комплекс периода раннего верхнего
палеолита Западной части Центральной Азии, связанный с кульбулакской традицией
(Узбекистан), в которой преобладало производство пластинок и представляет интерес
для понимания адаптации Homo sapiens к центральным регионам Евразии.

УТЮЖОК В БОТАЙСКОЙ АРХЕОЛОГИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЕ

Статья посвящена одному из самых загадочных археологических
артефактов, созданного людьми первобытного общества в период мезолита и
просуществовавшего вплоть до эпохи бронзы – желобчатому камню или «утюжку».
Утюжки встречаются также в Ботайской культуре, которая считается культурой
создавшей кочевую цивилизацию на Евразийском степном пространстве.
Многофункциональность утюжков представляет загадку для археологов об
их применении в быту бойцами. В течение более 40 лет археологических
исследований на Ботае было найдено большое количество утюжков, которые
хранятся в фондохранилищах музеев Северного Казахстана.

ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ «ЕЛШІ» ЖӘНЕ «ЙАЛАБАЧ» АТАУЛАРЫ ХАҚЫНДА

Көне түркі жазба ескерткіштері ашылғаннан бері ғылыми ортада оған
қызығушылық арта түсті. Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап ескерткіштер
мəтіндеріне тарихнамалық тұрғыда көңіл бөлініп, түркілердің төл тарихы
жөніндегі маңызды дереккөз ретінде қарала бастады. Түркі қағандықтарының
дипломатиялық қарым-қатынастар туралы негізінен қытай, соғды, грек жəне т.б.
халықтарының тарихи құжаттары арқылы жетіп отыр. Алайда соңғы зерттеулер
көне түркі бітіг жазуларының көшпенділердің сыртқы жəне ішкі байланыстары
туралы толыққанды ақпарат бермесе де, мəтіндегі мəліметтер жанама, əрі
қосымша деректер ретінде пайладануға болатынын көрсетеді. Осы тұрғыда бұл
мақалада орхон-енисей жазба ескерткіштерінде кездесетін елшілікке қатысты
атаулар жинақталып, көне түркілердің дипломатиялық қатынастар жасаған
халықтарының тізімі беріледі.

ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

XIX ғасыр, əсіресе оның екінші жартысы, Қазақстан тарихында ерекше
орын алады. Бұл – шаруашылықта, əлеуметтік жəне мəдени өмірде болған
ғаламат өзгерістер кезеңі. Олар ең алдымен біздің елімізге тауар-ақша қарым-
қатынастарының енуімен байланысты еді. Ресей капитализмінің кеңінен дамуы
жаңа экономикалық үрдіске империяның шартарабын мекендеген көптеген
халықтардың енуіне себепкер болды. Сонымен бірге отар елдердегі жер саясаты
бір жағынан кедейлену мен арендалық қарым-қатынасқа жол ашса, екінші
жағынан отарлардың ресейлік өндіріс мүддесі үшін шикізат беріп, дайын өнімді
сатып алатын нарықтың қалыптасуына алып келді. Осы сияқты қазақ қоғамы
бастан кешірген түбегейлі өзгерістер XIX ғасырдың екінші жартысын қазақ
тарихындағы өтпелі кезең есебінде қарастыруға мүмкіндік береді.

СОЦРЕАЛИСТІК СИПАТТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ЕРКІНДІК ТАҚЫРЫБЫ

Мақалада автор қазақ бейнелеу өнерінің соцреалистік бағытта өрбіген
шығармашылық кезеңіне қысқаша шолу жүргізеді. Тарихи кезең аясында кеңінен
тараған негізгі тақырып аясын анықтап, суретшілер шығармашылығының мəн-
мағынасын айқындауға тырысқан. Өнертанушы ғалымдардың еңбегіне сүйене
отырып, басты назарын кескіндеме өнеріне тəн болған негізгі идеялардың астарын
зерделей түсуге бағыттаған. Қазіргі таңда, өнертану ғылымында суретшілер
шығармашылығындағы халқымыздың өткен өмір салтынан көрініс беретін
туындыларын тарихи жады контексті аясында зерттеу, дəстүрлі өнердің негізін
жəне қазіргі мəдени мұраның рухани құндылықтарын тереңірек түйсінуге негіз
болып отыр. Қазақ тарихы үшін маңызды болып табылатын кезеңнің мысалында
бейнелеу өнерінің тарихи даму процесі баяндалады.

ҒҰН ИМПЕРИЯСЫ – ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БАСТАУЫ

Мақалада ерте жəне таяу замандағы тарихшылардың еңбектеріндегі
деректерге сүйене отырып, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы хақында
тұжырым жасалады. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылы құрылған ұлы ғұн
империясының қазақ тарихында алатын орны көрсетіліп, мемлекеттілігіміздің
ғылымға белгілі тарихына 2230 жыл толғаны туралы айтылады.
Біріншіден, ғұн империясының құрылған уақыты белгілі. Екіншіден,
империяның территориясы мен шекарасы анық белгіленген. Үшіншіден,
жетілген басқару жүйесі бар, билік құрылымы қалыптасқан кемел мемлекет
болды. Төртіншіден, күшті заңы болды. Бұл Түркі тарихында жасалған тұңғыш
заң. Осы деректерге сүйене отырып, ғұн империясын Қазақ мемлекеттілігінің
бастауы деп айта аламыз.

АБАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ МЕН ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Абай Құнанбайұлы, барлық əлемдік ұлы ақындар сияқты, ең алдымен
– өз заманының тумасы, өз дəуірінің жоқшысы, өз халқының өмірлік мақсат-
мұраттарының жанашыры, шырақшысы. Дала данышпаны, ойшыл ақын, туған
халқын, өсіп-өнген елін-жерін сүйген, оның болашағын ойлап қам жеген, оның
қалыпты дамуына кедергі келтіретін қоғамдық керітартпа құбылыстарға қарсы
күрескен қайраткер тұлға. Ақынның гуманистік, тарихи көзқарастары күні бүгінге
дейін мəн-маңызын жойған жоқ. Оның өмірлік ұстанымдары білім-іліммен
жүйеленген, ішкі терең пайым-парасатына негізделген, туған халқының болашағы
үшін жаны алаң жанның жалпы дүниетанымынан туындайтын сындарлы көзқарас
болып табылады. Осы орайда автор аталған мəселені қазіргі тəуелсіздік талаптары
тұрғысынан саралайды.

ШОЛАҚ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

Ақын, əнші, композитор, цирк жонглеры
əрі алып күш иесі Балуан Шолақ (Нұрмағамбет)
Баймырзаұлы (1859-1918) туралы халық арасында
аңызға бергісіз əңгімелер көп. Əсіресе туған жері,
туған жылы, Жетісу еліне ағайындарын іздеп
бару жылдары жаңсақ айтылып жүр. Шолақтың
ғашығы болған Ақмолалық қымызшы, атбегі,
тігінші, сырнай мен домбырада қатар ойнап əн
салатын жезтаңдай əнші, сөзге шешен, бекзат
келіншек атақты Ғалия Тілеуқызы туралы да
тұщымды дерек бар. Бұл ғылыми-зерттеу еңбек
ақиқат пен аңыздың ара жігін айыруға арналған,
архивтік деректерге негізделген.

ТУМАЙДЫ ЕНДІ ҚАЙТЫП ИМАНЖҮСІП

Сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі, халық
композиторы, күрескер ақын, əнші, сал-серілердің
соңғы тұяғы Иманжүсіп Құтпанұлының өмірі мен
шығармашылығы туған еліне, жеріне деген ыстық
махаббат пен сертке суарылған сеніммен сабақтас,
тамырлас. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға,
шешендік сөзге құмар болып, сал, серілер дəстүрін
ұстап, саятшылық құрып, палуан атанған. Суырып
салма ақын, əнші болған. Əділдік, теңдікті ту еткен,
сол жолда күрескен. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі
Ыбырай, Балуан Шолақ, Мəди əндерін тамылжыта
шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет
жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең де арнаған.
Оның кең тынысты əндері халық арасында кең
таралған. Соңғы жылдары, тəуелсіздік талаптарына
сай, алмағайып заманда өмір сүріп, тағдыр тəлкегін көп көрген, қилы-қиямет
ғұмыр кешкен тұғырлы тұлғаның өмірбаяны мен артында қалдырған мол мұрасын
зерттеуге қатысты бірқатар игі жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, біртуар бабамыз
туралы, əсіресе туған жері мен туған жылы туралы халық арасындағы пікір екі
ұдай. Осы тұрғыда автор архивтік деректерге сүйене отырып, оқырманға тың
деректер, жаңа айғақтар ұсынады.

ӘЛЕМДІК ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ШЫҢҒЫС ХАН БЕЙНЕСІ

Шыңғыс хан – Екінші мыңжылдықта бүкіл Еуразияны өз билігімен
жаңа арнаға бұрған тарихи тұлға. Мақалада автор Шыңғыс ханның əлемдік
шығармалардағы əдеби-көркем бейнесіне талдау жасайды. Бурятияның халық
жазушысы И. Калашниковтің, белгілі прозаик В. Янның, Жапонияның танымал
қаламгері И. Ясашидің шығармаларына тоқтала келіп, сол шығармаларды
назарға ала отырып, қаған бейнесінің сомдалу ерекшелігіне тоқталады. Тарихи
шығарма – тарихтың өзі емес, көркемделіп берілген түрі. Онда тарихи тұлға да,
дəуір де мүлде басқа бір қалыпта көрініс береді. Дегенмен қаламгер өзі өмір
сүрген замандағы тарихи ұғым, əлеуметтік танымнан ұзап кете алмайды. Мақала
авторы əр кезеңде жазылған, жоғарыда аталған Шыңғыс хан туралы көркем
туындыларды осы тұрғыдан сараптайды. Шыңғыс ханның тұлғалық бейнесін
жан-жақты ашуға талпынады. Сондай-ақ, Шыңғыс ханның өміріне, жеке басына
қатысты қызықты мəліметтерді сараптай отырып, өзіндік тұжырым жасайды.

ДЕТАЛЬДЫҢ КӨРКЕМ ТУЫНДЫ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ

Мақалада шығармадағы көркемдік құралдардың бірі – детальдың қолданылу
ерекшеліктері талданады. Бір топ жазушылардың детальды өз шығармасының
сыршылдығын, əсерлілігін арттыруда қолдану шеберлігі қарастырылады. Деталь
– бүтін дүниеге меңзеп тұрар түймедей бөлшек. Есесіне деталь – көркемдік
кілті, шеберлік шарты. Детальды игерген жазушы шын жазушы, шебер
жазушы. Оның баяндаудың шырайын кіргізуден бастап, характер жасауға дейін
атқармайтын қызметі жоқ. Деталь – өнердің ең кішкентай, миниатюралық үлгісі.
Əлем əдебиетінің тарихында бұрыннан бар, орныққан тəсіл болғанымен, əрбір
жазушыдан айрықша қабілетті, дарынына байланысты суреткерлік шеберлікті
талап етеді. Деталь, шындығында көркем шығарма кемелдігінің белгісі. Детальдың
негізгі қызметі – ұсақ бөлшектер арқылы тұтас құбылысты бере білу. Ол суреттеп
отырған зат туралы тұтас түсінік береді. Детальдың ең басты құндылығы – оның
дəлдігінде жатыр. Жазушы əрқашан шығарманың шырайын ашатын, оқиғаның
өзегін көрсете алатын ең қажетті, ең керекті жалғыз сөзді жаңылмай таба білуі
керек. Осы мақсатта мақалада көркем шығармалардан детальға нақты мысалдар
келтіріле отырып, талдаулар жасалып, тұжырымдар шығарылады.

АРАЛ ЖӘНЕ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫНАН

Мақалада Қазақстан аумағындағы тарихи-өлкетану музейінің қалыптасу
тарихы, Қызылорда облысы Арал жəне Қазалы аудандық тарихи-өлкетану
музейлерінің қысқаша құрылу тарихы мен орналасуы жəне қорында сақталған
неолит-қола-ерте темір дəуірі кезеңінің заттай деректері жайлы қысқаша ақпарат
беріледі. Музейлердің құрылған кезінен бастап казіргі уақытқа дейін Арал маңы
аумағында көптеген археологиялық барлау экспедициялары жұмыс жасап,
көптеген ескерткіштер ашылып, тізімге алынған. Сонымен қатар, қызықты
деректерді кездейсоқ табылған материалдардан да байқаймыз. Арал аудандық
тарихи-өлкетану музейі жанындағы «Балықшылар музейінің» теңіз тарихына
қатысты жаңартылған залдарында теңізді зерттеген ғалымдар, олардың еңбектері
берілген. Арал маңы Жалғыз-ағым жəне Тоқабай елді мекендерінен кездейсоқ
табылған қыш ыдыстар мен қола қазан жайлы құнды деректер аналогиясы
қарастырылатын болады. Музей қорында жинақталған қола жəне ерте темір
дəуірі материалдары бойынша Арал теңізі жағалауындағы ежелгі халықтардың
қоныстану тарихы жайында деректер алуға мүмкіндік береді.

ТАРИХИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖОБА

Ғылыми мақалада «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында Қызылорда
облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Qyzylorda» телеарнасы бірлескен ғылыми-
зерттеу жəне тарихи-танымдық бағыттағы «Құнды жəдігер» жобасы бойынша
Сыр өңірінде өмір сүрген əулие-əнбие, ахун-ишан, батырлар мен билердің
мұрасы болып табылатын киелі жəдігерлер туралы толыққанды деректер,
атап айтқанда музей қызметкерлері тарапынан зерттеліп, бұқаралық ақпарат
құралдарында насихатталған, əлі де ғылыми айналымға енбеген, белгісіз болып
келген діни қайраткерлер Қалмұхаммед ишан Маралұлының (1815-1870 жж.) мөрі,
Абдулхамит ишан пайдаланған сирек кездесетін кітап (Талфик ал-ахбар ва талких
ал-асар фи вакаи Казан ва булгар ав мулюк ат-татар), Құлболды ишан Сұлтанұлы
(1780-1860 жж.) əулетіне тиесілі ХХ ғасырдың басында Медине қаласында
жасалған шежіресі, Шоң би Едігеұлының ұрпағы Тоғжан Самұратқызының қант
шаққышы (этнографиялық бұйым), Қазақстанда ислам дінінің таралуына ықпал
еткен Хорасан ата (Əбдіжəлил баб) (VIII-IX ғғ.) ұрпақтарында сақталған лауханың
(арабша жазу жазылған тақташа) тарихы қамтылған.